Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысында жол апатынан жолаушы оқиға орыннда көз жұмды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда 4 маусым күні сағат 00.30 шамасында Тәтімбет пен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында Chevrolet Cobalt көлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға бұрылып келе жатып, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Toyota көлігімен соқтығысқан. Tayota Camry көлігін 30 жастағы ер адам басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

– Осакаровка ауданында Осакаровка ауылында 22 жастағы BMW жүргізушісі рөлді басқара алмай, бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW көлігінің 20 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерді жол ережесін, жылдамдықты және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауға шақырамын. Олар кенеттен маневрлер мен тежеуден бас тартуы керек – бұл көлік құралын басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін, әсіресе қараңғыда. Сондай-ақ жолдармен жүру кезінде жеке қауіпсіздік пен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін де қосымша шаралар қабылдауды қадағалау қажет. Есіңізде болсын, өз қауіпсіздігіңіз ғана емес, айналаңыздағы адамдардың да қауіпсіздігі жолдағы сіздің әрекетіңізге байланысты, – дейді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Куаныш Зарубаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты