Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

ШҚО-да бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Ұлттық ұланмен бірлесіп, облыс прокуратурасымен іс-қимыл жасасуда қатысушылар өңірде бірқатар қылмыс жасаған қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласында арасында криминалдық жанжал туындаған бірқатар жергілікті тұрғындар мен келушілер ұсталды. Нәтижесінде полицияға 20 ұсталған адам жеткізілді, олардан заттай дәлелдемелер ретінде: 2 Макаров тапаншасы, 2 травматикалық тапанша, 1 мылтық, 1 тегіс ұңғылы мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және 23 түрлі калибрлі патрон тәркіленген. Сондай-ақ, 3 бірлік автокөлік тәркіленді.

Содан кейін, Катонқарағай ауданының аумағында кәсіпкерді аса ірі мөлшерде бопсалаған осы қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды. Аталған дерек бойынша 8 адам ұсталып, оның 4-уі қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін деген қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік туды.

Қылмыстық жанжалдың себебін және осы істің басқа да мән-жайларын ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады