Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҰҚК сайлау күніне жоспарланған жаппай тәртіпсіздіктің алдын алғанын хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алдағы жексенбі, 20 қараша күніне жаппай тәртіпсіздікті жоспарлап, ұйымдастырмақшы болды деген күдікпен жеті адамды ұстады. Бұл туралы департаменттің ресми сайтында хабарланды. 

"2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен алдағы жексенбі, 20 қарашада жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті", – делінген ведомствоның хабарламасында. Арнайы операция нәтижесінде 7 адамның ұсталғаны айтылған. Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.

"Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғандары құжатталған. Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланған", – дейді ҰҚК мамандары. 

Топ мүшелері "бөтелке лақтырғыш" деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен "Молотов коктейльдерін" лақтыра отырып құқық қорғау органдары қызметкерлерін физикалық жоюды жоспарлаған. "Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар – Калашников автоматы, ойық ұңғылы "Меркель" мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, "Молотов коктейльдеріне" арналған сұйықтығы бар бөтелкелер, "бөтелке лақтырғыштар", бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған", – деп қосты ведомство өкілдері. Күдіктілер ҚПҚ 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы ҚПҚ 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді