Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесті

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесті
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Януш Войчеховскийге Астана халықаралық форумына спикер ретінде қатысқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

– Біздің елімізбен айрықша байланысыңыз бар екенін біліп, таңғалдым. Қадірлі анаңыз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанда өмір сүріпті. Сондықтан сіздің сапарыңызға өте қуаныштымыз. Елімізде поляк диаспорасы тұрады. Әрі біздің ортақ мәдени мұрамыз бар. Бенедикт Поляк, Адольф Янушкевич, Густав Зелинский, Александр Затаевич секілді тұлғалар Қазақстанның мәдени дамуына елеулі үлес қосты, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі сауда серіктесі саналатын Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатына назар аударды. 

– Жақында Қырғызстанда «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жаңа форматында кездесу өткіздік. Бұған дейін Астанада бірінші кездесу болған. Сондықтан тығыз қарым-қатынас жасау жөніндегі ниетіміз бен ұмтылысымызды көрсету үшін жоғары деңгейдегі осындай кездесулерді өткізіп тұру керек. Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 30 жыл толды. Еуропалық Одақпен өзара байланысымызды нығайтуға мол мүмкіндік бар, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссарға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ демократияны дамытуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамда заң үстемдігін орнатуға септігін тигізетін өзерістер туралы айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы  Қазақстанның Еуропалық Одақпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуеті бар екеніне тоқталды. Оның айтуынша, еліміз дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ жоғары сапалы органикалық өнімдердің экспортын арттыруға дайын.

Өз кезегінде Януш Войчеховский құрмет көрсеткені үшін Президентке ризашылығын білдірді.

– Менің Қазақстанмен ерекше байланысым туралы айттыңыз. Иә, анам Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанда алты жыл өмір сүрді. Анам сол қиын-қыстау шақта қазақ халқы оларға мейірімділік танытқанын үнемі айтып отыратын. Сондықтан менің Қазақстанға деген көңілім ерекше. Сізді Астана халықаралық форумын табысты өткізуіңізбен құттықтаймын. Сіздің сөйлеген сөзіңізді айрықша ықыласпен тыңдадым. Дұрыс айтасыз, бізге сын-қатерлерді анықтап, түйткілдерді шешу үшін ортақ диалог қажет.  Жаһандық деңгейдегі қазіргі күрделі мәселенің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі, – деді Еурокомиссар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді