Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелу қызметі іске қосылды

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелу қызметі іске қосылды
Фото: kaspi.kz

Kaspi.kz ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен, АӨО РМК және ҰАТ АҚ-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz суперқосымшасында уақытша немесе тұрақты тіркеуді ресімдеуге болады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сервис үй иесіне өз пәтеріне тіркелуге немесе оған басқа адамдарды тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ меншік иесі оның үйінде тұрмайтындарды тіркеуден шығара алады.

Егер сіз біреудің үйіне тіркелгіңіз келсе, меншік иесінің ЖСН-ын енгізуіңіз керек, ал сервис оның келісімін өзі сұратады.

"Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: "Біз Kaspi.kz суперқосымшасына жаңа сервистерді қоса бермекпіз. Біздің сүйікті клиенттеріміз өздерінің ұялы телефоны арқылы автокөлікті қайта тіркей алады, жүргізуші куәлігін жаңарта алады, мемлекеттік мекемелерден анықтама алып, балаларға жәрдемақы ресімдей алады, тұрғылықты жері бойынша тіркеле алады және басқа да көптеген күнделікті міндеттерді жеңіл әрі оңай орындай алады. Біз ІІМ-ге, Әділет және цифрландыру министрліктері мен басқа да мемлекеттік органдарға бірлескен жұмысты сәтті жүргізгені үшін алғыс айтамыз. Біз әр қазақстандық үшін мемлекеттік қызметтерді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қолжетімді ете отырып, қазақстандықтардың өмірін бірге жақсартамыз", — деді.

ІІМ мемлекет басшысының тапсырмасымен полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастырып жатыр.

"Мобильді қосымшалар қарапайым әрі түсінікті, ал оларды пайдалану қызмет алушылардың қызметкерлермен тікелей кездесуіне жол бермейді. Сондықтан полиция қызметінде бюрократияның жолын кесу аясында ІІМ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуына ерекше назар аударады. Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер смартфондарда қолжетімді. Енді азаматтарға ХҚКО мен полиция мекемелеріне барудың, өтініштер мен шарттарды қалдырудың, белгілі бір уақыт күтудің қажеті жоқ", — деп хабарлады ІІМ-де.

"ЕДБ мобильді қосымшаларында қызметтердің танымалдығы жыл сайын артып келеді, — деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі Әсет Тұрысов.

— Мәселен, өткен жылы сыртқы платформалар арқылы 1 миллионнан астам қызмет алынды. Жалпы мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына шығару мемлекеттік қызмет алудың қолайлылығын арттыруға және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі таңда біз ең жиі қолданылатын қызметтердің бірі — тұрғылықты жері бойынша тіркеуді Kaspi.kz қосымшасына шығарып жатырмыз. Енді Kaspi.kz қосымшасы арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркеліп, басқаларды тіркеуден шығаруға болады. Осы бағытта министрліктің, ЕДБ мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы жалғасын табады.

Сервисті пайдалану қауіпсіз. Тіркеуді ресімдеген кезде сурет бойынша анықтаудан өту керек. Бұл сізден басқа ешкімнің сіздің атыңыздан бұл сервисті пайдалана алмайтынына кепілдік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді