Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді

90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Фото: pixabay.com

Бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында бар. Онлайн-сервис іске қосылғаннан бастап оны 90 мыңға жуық автокөлік иесі пайдаланып үлгерді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Автокөлікті несиеге сатып алу кезінде азаматтарға сатып алынатын автокөлікке кепілдікті тіркеу қажет болады.

Бұған дейін сол үшін облыс орталығына барып, полицияға тіркелу үшін кепілдік шарттарының бірнеше қағаз данасын тапсырып, содан соң оларды банкке қайта апару керек болатын. Бұл процесс 3-4 күнге дейін созылып, автокөлік иелері үшін қолайсыздық туғызды.

Автокөліктен кепілдікті алу кезінде де банктен несиені толық өтегені туралы жазбаша растау қағазын алу қажет болды, содан кейін оны полицияға тапсыру міндетті еді.

Аталмыш процесті жеңілдету үшін ІІМ полиция қызметін қағазбастылықтан арылтып, цифрландыру аясында кепілдікті тіркеу қызметін онлайн-режимге ауыстырды.

Қазір тек банктің қосымшасында авторизациядан өтіп, құжаттарға цифрлық қолтаңбамен қол қою жеткілікті. Содан кейін автокөліктің кепілдігі ІІМ деректер базасында автоматты түрде тіркеледі.

Енді азаматтар полиция мен банктерге бармай-ақ, кепілдікті 5 минут ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастай алады. Ал кепілдік шарты және оны тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері автокөлік иелерінің смартфондарында әрқашан қолжетімді болады.

ІІМ бұл сервисті полиция көрсететін қызметтерді смартфондандыру шеңберінде азаматтарға ыңғайлы ету мақсатында әзірледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды