Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсаттар ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz polisia.kz сайтына сілтеп.
Қазақстанда олармен көші-қон келісімдері бар елдердің азаматтары біздің елімізге ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өте алады, жүре алады және уақытша бола алады.
Алайда шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде шетелдік паспорт қажет.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін 6 қаңтар күні ІІМ-нің  бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар  ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсыну қажет.
Уақытша тұруға рұқсаттар алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет.
Өзгерістерге сәйкес рұқсатты рәсімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы  тиіс. Осы шаралар шетелдіктерді жоқ мекенжайларға, сондай-ақ өтініш иесіне қатысы жоқ мекенжайларға тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында қабылданды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады