Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарған

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарған
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы жаңарған мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны 19 миллион 854 мың адам, қала халқы – 12 миллион 276,3 мың, ауыл халқы – 7 миллион 577,7 мың адам болды. 2021 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 238,3 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 19 миллион 765 мың 4 адам болған. 2023 жылдың 1 мамырында халық саны 19 миллион 854 мың 83 адамға жетті. Алты айда халықтың жалпы өсімі 89 мың 79 адам болды.

Алматы қаласы халық санының ең көп өсімін көрсетті, осы кезеңде халық саны 17 мың 771 адамға өсті. Екінші орында Астана қаласы тұр, онда халық өсімі 16 мың 802 адамды көрсетті. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 10 мың 427 тұрғынға артты. Бұл ретте Астанада халық санының өсу қарқыны ең жоғары – 1,24 пайыз болып отыр.

Теріс демографиялық көрсеткіштер Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында байқалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады