Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда балаларға қатысты қылмыс ең көп тіркелген өңір белгілі болды

Қазақстанда балаларға қатысты қылмыс ең көп тіркелген өңір белгілі болды
Фото: pixabay.com

Қазақстанда балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар ең көп тіркелген өңірлер аталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті мәліметі бойынша, Қазақстандағы балалар саны (18 жасқа дейін) - 6 616 774 бала, оның 3,7 миллионнан астамы мектеп оқушылары, 2,5 миллионнан астамы мектеп жасына дейінгі балалар, 400 мыңнан астамы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (ТжКБ) студенттері.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, агрессия және қатыгездік бүгінде бала өміріне қатысты көп салада белең алғаны атап өтіледі. Зорлық-зомбылық салдары құқыққа қарсы әрекеттер мен қылмыстардың жасалуына әкеліп соғады, оның пайызы соңғы жылдары өсіп барады.

Балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп тіркелгені Түркістанда – 213 оқиға, Алматыда – 185 оқиға және Қарағанды облысында – 165 оқиға.

Алматыда кейінгі жылдары өңірлер бойынша балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар 58,9 пайызға, яғни 90-нан 143-ке дейін көбейген. Батыс Қазақстан облысында 39,4 пайызға, 109-дан 152 жағдайға жетті. "Көшбасшы" өңірлер үштігін Павлодар облысы аяқтайды, онда балаларға қатысты қылмыстардың өсімі 32,8 пайыз болған, 61-ден 81 жағдайға дейін.

Одан әрі батыс өңірлер орналасқан: Маңғыстау облысында балаларға қатысты қылмыстар саны 21,7 пайызға, 69-дан 84-ке, Ақтөбеде 14,3 пайызға, 84-тен 96-ға көбейген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті