Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл әкімі күлі ғана қалған 9 үй үшін сөгіс алды

Петропавл әкімі күлі ғана қалған 9 үй үшін сөгіс алды
Фото: tengrinews.kz

Петропавлда қураған шөп салдарынан 9 үйдің өртеніп кетуіне байланысты қала әкіміне сөгіс берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қала басшылығы өрттің алдын алуда тиісті жұмыстарды жасамаған. Мәселен, қураған шөпті шауып, жою үшін бюджеттен жылда қаражат бөлінеді. Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыс жүргізілмеген.

«Қала әкімі жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған. Қураған шөп-қамыс дер кезінде шабылмаған. Осындай жауапсыздықтан тұрғындар баспанасыз қалды. Бар мүлкінен, құжаттарынан айырылды. Мұның алдын алуға болар еді, егер де тиісті жұмыс уақытында жүргізілсе. Арнайы қаржы бөлінбесе, ақша болмаса мен түсінер едім», - деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Еске салайық, 7 мамырда қаладағы Сенная көшесіндегі ашық алаңда қамыс өртенді. Тоғыз жеке тұрғын үй қирап, тағы екі үй жартылай бүлінген. Осыған байланысты қалада  төтенше жағдай режимі енгізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады