Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Италия премьер-министрі су тасқынына байланысты Астана сапарын тоқтатты

Италия премьер-министрі су тасқынына байланысты Астана сапарын тоқтатты
Фото: BBC

Италия аймағындағы жойқын су тасқыны ондаған адамның өмірін қиды, дауылдан кейін 20-дан астам өзен арнасынан асып кетті.  Италия премьер-министрі Джорджи Мелони Хиросимадағы G7 саммитіне қатысуын тоқтатып, жоспарланған Астана сапарынан да бас тартты. Ол су тасқыны салдарынан төтенше жағдайда туындаған еліне оралды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.  


«Эмилия-Романья аймағындағы қатты су тасқынына байланысты көптеген адамдар зардап шегіп, құрбандар пайда болды.  Италия премьер-министрі Джорджио Мелони Хиросимадағы G7 саммитіне қатысуын мерзімінен бұрын тоқтатып, Италияға жоспарланған уақыттан ерте оралып,   табиға апаттан зардап шеккен аумақтарға барды. Италияның солтүстігінде кем дегенде 40 елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепті Италия Үкіметі басшысының Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды», – деді Желдібай.

 Ол италиялық тарап сапарға балама ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джордж Мелони арасында телефон арқылы сөйлесуді сұрағанын атап өтті  Соңғы күндері Италияда қатты жаңбыр жауды, деп хабарлайды The Guardian. Салдарынан жиырма бір өзен арнасынан асып, су тасып, аймақты су басты. Ең көп зардап шеккен Эмилия-Романья аймағы. Соңғы мәліметтер бойынша, 14 адам қаза тауып, 27 мың адам үйлерінен көшірілді, 36 мың адам баспанасыз қалды. Көптеген адамдар із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.  Елде көптеген ойын-сауық шараларынан, соның ішінде осы демалыс күндері  Эмилия Романьяда өтуі тиіс Формула-1 Гран-приінен бас тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты