Жм, 09 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында есірткі қойып кетуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Жетісу облысында есірткі қойып кетуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында есірткі қойып кетуші 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы есірткі сатушы бірнеше ай бұрын Көксу ауданында Алматы – Өскемен автожолында ұсталған болатын. Жеке тексеру, сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде 2,5 келіден астам түрлі синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Ұсталған азаматтан әртүрлі буып-түйгіш материалдар, таразылар, зип-пакеттер және т.б. табылды.

Белгілі болғандай, жас жігіт желіде синтетикалық есірткіні қойып кетуші ретінде “жұмыс істеп”, оны Талдықорған қаласы мен оның маңында сатқан.

– Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 1, 2, 3, 5-тармақтарында (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Биыл облыстық полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысты 60 күдіктіні ұстап, заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткіні тәркіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді