Екібастұз тұрғынынан заңсыз ауланған 12 қап балық тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Уылдырық шашу” акциясы барысында Екібастұз тұрғынынан 338 келі балық тәркіленді. 9 мамырда сағат 06:30-да Екібастұз қаласына кіре берісте 64 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғышынан 12 қап табылды, онда 338 келі балық болды.
– Екібастұздық азамат Солнечный кентінің жанындағы Шандаксор көлінде (ГРЭС-2 су қоймасы) балық аулағанын мойындады. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Тәркіленген балық тәркілеу хаттамасымен тоңазытқыш камераға сақтауға берілді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілып жатыр, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Павлодар облысында “Уылдырық шашу” акциясы басталғаннан бері 62 факт анықталды, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы шамамен 1 млн теңгеге айыппұл салынды. “Уылдырық шашу” акциясы барысында полицейлер мен мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің басты назары балықтың уылдырық шашуы, балық пен балық өнімдерін заңсыз сатып алу немесе өткізу, тасымалдау кезеңінде балық аулау фактілерін анықтауға және жолын кесуге аударылады.