Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде пациенттен BrainLab жүйесінің көмегімен ми ісігі алынып тасталды

Семейде пациенттен  BrainLab жүйесінің көмегімен ми ісігі алынып тасталды
Фото: gov.kz

Қырық бес жастағы Семей тұрғынына ми ісігі диагноз қойылып, медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен оны алып тастау бойынша күрделі операция жасалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол дәрігерлерге құрысулар туралы шағымдармен жүгінді. Өз емханасында пациент егжей-тегжейлі зерттеп- қарауға жіберілді, жолдама бойынша ол мидың компьютерлік томографиясынан (КТ) және магниттік-резонанстық томографиясынан (МРТ) өтті.

"Пациент Семей қаласының СМКА нейрохирургия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. КТ және МРТ нәтижелерін алғаннан кейін сол жақ алдыңғы маңдайдың ісігі анықталды. Әрі қарай біз операция алдындағы дайындықты жүргіздік және BrainLab нейронавигациялық жүйесімен бас сүйегіне сүйек-пластикалық трепанация жасадық, ісікті алып тастадық. Операциядан кейін пациент өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты", — деп атап өтті нейрохирург дәрігер Төлеуғали Қойшыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС енгізумен КТ және МРТ қазақстандықтар үшін одан да қолжетімді болды. Пациенттерге учаскелік дәрігерден зерттеп-қарауға жолдама алу жеткілікті.

Бүгінгі таңда МӘМС-тегі кез келген сақтандырылған адам қымбат КТ және МРТ зерттеулерін тегін ала алады. Мәселен, егер 2019 жылы сақтандыру медицинасы енгізілгенге дейін емханалар арқылы 200 мыңға жуық КТ және МРТ қызметтері көрсетілсе, өткен жылы қазақстандықтар 1 млн. 400 мың сессия өтті, яғни 7 есе көп.

Сондай-ақ сақтандыру қаражаты есебінен осы пациентке қатысты сияқты жоғары технологиялық, қымбат зерттеп-қараулар мен операциялар жүргізуге болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді