Еліміздегі ауруханалар мен емханаларда 7 606 орта медицина персоналы тапшы. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«2007-2017 жылдар аралығындағы кезеңде педиатриялық факультеттерге талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылған жоқ. Бұл мамандардың тапшылығы әкелді. Әсіресе, стационар деңгейіндегі мамандарға және арнайы бейінді мамандардың тапшылығына (балалар реаниматологтары-анестезиологтары, кардиологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар) қатты әсер етті.
Мамандықтар бөлінісінде анестезиолог-реаниматологтар (ересектер, балалар) – 787, акушер-гинекологтар (ересектер, балалар) – 291, педиатрлар – 304, неонатологтар – 104, балалар инфекционистері – 65, балалар невропатологтары - 51 және тағы да басқа мамандықтар арасында кадр тапшылығы байқалады», - делінген тұжырымдамада.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, маман тапшылығы салдарынан кейбір қызметкерлер қосалқы жұмыс атқарып жүр. Сонымен қатар, ел бойынша 7 606 орта медициналық персонал жетіспейді. Оның 6 468 маман қалаларға қажет болса, 1 138-і ауылдарда тапшы.