"Қорғас" Халықаралық шекара серіктестік орталығы" Арнайы экономикалық аумағының басқарушы компаниясы" АҚ акциялары республика меншігінен шығарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мекеменің 100% акциясын республика меншігінен шығару туралы Үкімет қаулысы күшіне енді.
"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қорғас" Халықаралық шекара серіктестік орталығы" Арнайы экономикалық аумағының басқарушы компаниясы" АҚ акциялар пакетінің 100%-ы республика меншігінен Жетісу лоблысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін", – делінген қаулыда.