Қазгидромет синоптиктері 17 қараша, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz
Оған сәйкес, ертең атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Жел күшейеді, сондай-ақ, жаяу бұрқасын көтеріледі.