Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда болған ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті

Көкшетауда болған ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті
Фото: polisia.kz

Көкшетауда болған ЖКО салдарынан екі бала зардап шекті, – деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 сәуір күні сағат 19:20-да “102” пультіне Сүлейменов көшесіндегі көпірде ЖКО болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны – Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, облыс орталығының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mazda-323 автокөлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Toyota Camry-50 автокөлігінің жүргізушісі “орта” дәрежелі мас күйде болған. Тексеру кезінде бұл азаматтың 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ЖКО нәтижесінде Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасына түрлі жарақаттармен Mazda-323 автокөлігінің жүргізушісі мен 2 және 4 жастағы екі кәмелетке толмаған жолаушысы жеткізілді. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қамалды. Сараптама тағайындалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Toyota Camry-50 автокөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты