Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

500-ге жуық түркістандық отбасы солтүстікке көшеді

500-ге жуық түркістандық отбасы солтүстікке көшеді
Фото: dknews.kz

Бұл туралы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айының 19-21 күндері Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге "Қоныс аудару" жәрмеңкесі өтті. Мақтаарал ауданында басталған жәрмеңке, Сайрам ауданында жалғасып, Түркістан қаласында қорытындыланды.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарынан арнайы келген 76 маман Сарыағаш, Келес, Сайрам, Ордабасы аудандарын аралап, әр сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.


"3 күннің ішінде 500 отбасы, мүшелерін қоса есептегенде 2000-ға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр. Жалпы "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" жобасы аясында 2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2015-2022 жылдар аралығында облыстан 12 000 жуық адам қоныс аударған", - деді Нұржан Нұрашов.

Бұл бағытта биыл да республика бойынша 6727 квота бөлініп отыр. Қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін Абай, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары белгіленген. Бөлінген квота негізінде, жыл басынан бері Түркістан облысынан 34 отбасы қоныс аударған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты