Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 789 адам тіркелді, деп хабарлайды елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
15 тамызда коронавирус анықталған 789 адамның: 178-і Нұр-Сұлтан қаласынан; 79-ы Алматы қаласынан; 7-еуі Шымкент қаласынан; 80-і Ақмола облысынан; 8-і Ақтөбе облысынан; 18-і Алматы облысынан; 21-і Жетісу облысынан; 15-і Атырау облысынан; 23-і Шығыс Қазақстан облысынан; 6-ауы Абай облысынан; 18-і Жамбыл облысынан; 42-і Батыс Қазақстан облысынан; 159-ы Қарағанды облысынан; 17-і Ұлытау облысынан; 29-ы Қостанай облысынан; 7-еуі Қызылорда облысынан; 27-і Маңғыстау облысынан; 52-і Павлодар облысынан; 2-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан; 1-еуі Түркістан облысынан.
Осылайша, жалпы Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 378 687 жетіп отыр. Сонымен қатар өткен тәулікте 1453 адам коронавирустан жазылып шыққан.
16-08-2022, 09:07
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 789-ға дейін азайды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз