Қазақстанда өткен тәулікте тағы 664 адамнан коронавиурс анықталды, деп хабарлайды елімізде COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын анықталған 664 адамның: 110-ы Нұр-Сұлтан қаласынан; 42-і Алматы қаласынан; 3-еуі Шымкент қаласынан; 79-ы Ақмола облысынан; 28-і Ақтөбе облысынан; 8-і Алматы облысынан; 11-і Жетісу облысынан; 13-і Атырау облысынан; 18-і Шығыс Қазақстан облысынан; 6-ауы Абай облысынан; 5-еуі Жамбыл облысынан; 67-і Батыс Қазақстан облысынан; 97-і Қарағанды облысынан; 72-і Қостанай облысынан; 5-еуі Қызылорда облысынан; 17-і Маңғыстау облысынан; 47-і Павлодар облысынан; 32-і Солтүстік Қазақстан облысынан; 4-еуі Түркістан облысынан.
Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 386 412-ге жетіп отыр. Сонымен қатар өткен тәулікте 734 адам коронавирустан жазылып шыққан.
26-08-2022, 09:18
Кеше Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз