Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде Ертіс өзеніне 6 жасар бала ағып кетті

Семейде Ертіс өзеніне 6 жасар бала ағып кетті
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Семейдің Аквопарк ауданында 6 жасар бала өзенге ағып кеткен. Куәгерлер жасөспірімнің ойнап жүрген жерден кенет көрінбей кеткендігін байқаған,депхабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz-ке cілтеме жасап.

Оқиға 21 сәуір күні кешке қарай болған. Сағат 19: 56-да "112" ге жасөспірімнің жоғалып кеткендігі жайлы хабар келіп түскен. Құтқарушылар аталған жерге жедел жетіп іздестіру жұмыстарын жүргізген. Қаладағы еріктілер мен тұрғындар да жұмылдырылды.

Өкінішке орай, бүгін таңғы 9:45 те ер баланың өлі денесін оқиға орнынан 15 шақырым жерден өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.
– Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау және су объектілерінің жанында балалардың көңіл көтеруі қауіпке әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, сондықтан ересектердің міндеті – әр баланы қорғау! Өте мұқият болыңыз, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз! Балаларға су объектілерінің жанында және өзен жағасында болу қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз! Қазір Шүлбі су қоймасынан су ағынының жоғарылауына байланысты Ертіс өзенінің деңгейі көтеріліп, ағыс күшейген. Осыған байланысты балаларды жағалауда ересектердің қарауынсыз қалдыру қауіпті, – дейді Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді