Қостанай қаласындағы Kostanay Airport халықаралық әуежайы сатылымға қойылды. Бұл туралы әуежайдың ресми сайтында хабарланды, деп жазды kazlenta.kz.
Әуежай қаладан 2 шақырым жерде орналасқан. Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр.
Әуежайдан жылына 1 700 рейс жасалады. Рейстерді 200 мыңнан аса адам пайдалана алады.