Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қосымша қаражат бөлінбейді

Автокөлік алуға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясындағы 188 млрд теңге айналымда қалады. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін тілшілерге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

«Көлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасына тоқталсақ, 188 млрд теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Атап айтқанда, елімізде бұл бағдарламаға айтарлықтай сұраныс бар. Әзірге, салынған 188 млрд теңге жеткілікті деп санаймыз. Жақын арада айналымдағы осы қаражатқа қосымша ақша бөлінбейді. Себебі елімізде жүзеге асыратын басқа да маңызды міндеттер бар», - деді Р. Скляр.


Сонымен қатар ол аталған бағдарлама аясында қаражат айналымда қалатынын айтты.

«Бағдарлама тұрақты негізде іске асырылады. Бірақ оның аясында берілетін несие санына қатысты уәж айтылып жатқаны белгілі. Алдағы уақытта да револьверлік негізде қаржыландыру жалғасады, яғни осы айналымдағы қаражаты басқа мақсаттарға жұмсамаймыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді