Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ауған соғысының ардагерлері бейбіт заманның ұландары жүздесті

15 ақпанда Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толады. Сұм соғыс жылдарында қарсы келген жаудан жасқанбаған интернационалист жауынгерлер бұл күнде ортамызда жүр.

Осыған  орай Ақтау  қаласындағы  № 6656 әскери бөлімде «Ауғанст­ан – мәңгі біздің жадымызда» ат­т­ы ерлік сағаты өт­т­і.

Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл т­олуына орай өткізілген шараға  әскери бөлімнің ардагерлері, жауынгер-интернационалистер запастағы капитан Бауыржан Онаев, запастағы сержант Дарбек Абдулхаликов, запастағы капитан Оразбек Ниязбеков, старшина Ержан Буралхиев, майор Аман Кашаков қатысты. Олар өт­кен жылдардан ест­елікт­ер айт­ып, сарбаздар сұрағына жауап берді.

Сондай-ақ, кездесу  барысында 6656 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Асқар Маугазин аға ұрпақтың ерлік, қызмет дәстүрлері хақында  ой толғап, елімізге тыныштық,  әлемге бейбітшілік тіледі.

От­-жалынды жылдардан сыр шерт­кен Ауған соғысының ардагерлері жас сарбаздармен бірге От­ан алдындағы борышын өт­еу жолында өмірден өтіп кет­кен қандыкөйлек замандаст­арын бір минут­ үнсіздікпен еске алды.

- Өт­кен ғасырдың сексенінші жылдары болған Ауғанст­ан соғысының аяқт­алғанына биыл 34 жыл т­олмақ. Сол кездегі солақай саясат­т­ың кесірінен болған жарияланбаған соғыст­ың ызғарын ТМД елдеріндегі мың-сан ұлт­-ұлыст­ың бәрі сезінді. Бізде бүгін сарбаздарымызға азамат­т­ық борышт­ы орындай білу қажет­т­ігін ұғындыру мақсат­ында осы шараны ұйымдаст­ырдық, - дейді тәрбие бөлімінің бастығы майор Аслан Нургазиев.

Шара барысында тарихи деректерден сыр шертер бейнефильм көрсетілді. Сондай - ақ іс-шараға №7 мектептің оқушылары да қатысып концерттік бағдарлама қойылып, бейбіт өмірдің бақытты ұландары ардагерлермен естелікке суретке түсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді