Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары ОСК-ға тапсырылды

«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың құжаттары ОСК-ға тапсырылды

ҚР Орталық сайлау комиссиясына «AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар топтамасы тапсырылды. 

Күні кеше «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезінің шешімімен Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізім бойынша 90 адам ұсынылды.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев аз ғана уақыт ішінде Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға ең лайықты үміткерлерді іріктеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.
«Ел аумағындағы өңірлік сайлау комиссияларына «AMANAT» партиясынан мәслихат депутаттығына 3821 кандидаттың құжаты ұсынылды. ОСК-ға тапсырылған партиялық тізімде квота сақталып, үміткерлердің 30%-дан астамын әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар құрады. Сайлау әділ, таза өтеді деп сенеміз және алдағы саяси додаға толық дайынбыз», – деді Елнұр Бейсенбаев.
Сондай-ақ, бүгін «AMANAT» партиясынан Мәжіліске бірмандатты округтер бойынша ұсынылған кандидаттардың құжаттары тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсынылды.Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін партияның Атқарушы хатшысы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Партиялық тізімдер бойынша ұсынылған кандидаттардың толық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады. Бірмандатты округтер бойынша сілтеме. 

Сайлауалды бағдарламаның толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде жарияланып, партияның сайтына орналастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады