Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылды

Бүгін, 20 шілдеде Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Сессия барысында берілген өтініштерге сәйкес, 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді, оның ішінде Қайрат Құдайберген де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

"Сессия барысында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы және Amanat пен "Қазақстан Халық партиясы" филиалдарының шешімдері негізінде және берілген өтініштерге сәйкес, 11 депутатты алмастыру (ротация) жүргізілді", - делінген Алматы қалалық әкімдігінің хабарламасында.

Әкімдік алмастыру мандаттарды қайта бөлу және берілген өтініштерге сәйкес М.А. Әділхановты, Л.Е. Ибрагимованы, Е.З. Талбидиновты, Қ.Қ. Сәрсенбайды, А.А. Жүдебаевты, М.М. Зулеевті, Р.Ч. Бөлекбаеваны, Ә. Құрманбекті партиялық резервке қосу есебінен жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ ведомство партиялар құрамынан кейбір тұлғалардың шығарылғанын мәлім етті. Олар: Қ.Қ. Құдайберген Amanat партиясынан, А.Б. Абылқасымова "Қазақстан Халық партиясынан" және А.Т. Шапенов "Қазақстан Халық партиясынан" (өз қалауы бойынша).

Айта кетейік, қазіргі уақытта Amanat партиясының қалалық филиалының партиялық резервінде 50-ге жуық, "Қазақстан Халық партиясы" қалалық филиалының партиялық тізімінде 10-нан астам адам бар. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді