Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еуропа Ресейдің дизельдік отыны мен мұнай өнімдерін алудан бас тартты

Еуропа ресейлік дизельдік отын мен басқа да өңделген мұнай өнімдеріне тыйым салды және бұл одақ Мәскеуге энергетикалық тәуелділікті азайтып, Украинаға басып кіргені үшін Ресейді жазалау мақсатында оның қазба отыннан түсетін табысын әрі қарай қысқартуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Жаңа тыйым "Үлкен жетіліктегі" одақтас демократиялық елдер тобымен келісілген баға шектеу саясатымен қатар жүзеге асырылады. Бұл жерде негізгі мақсат - ресейлік дизельдің Қытай мен Үндістан сияқты елдерге ағуына және бағаның бүкіл әлем тұтынушыларына зиян тигізетіндей деңгейге кенеттен көтерілуіне жол бермеу. Сонымен бірге Батыс елдері осы шектеу шаралары арқылы Мәскеудің бюджеті мен соғысты қаржыландырудан түсетін кірісін азайтуды көздеп отыр.

Дизельдік отын экономика үшін өте маңызды. Өйткені ол жеңіл көліктерді, жүк таситын машиналарды, ауылшаруашылық жабдықтарын және зауыттардың техникасын қуаттандыруға кеңінен қолданылады. Бұл отынның бағасы COVID-19 пандемиясынан кейін сұраныстың қалпына келуіне және энергетикалық шикізат өңдеу қуатының шектелуіне байланысты қайта көтеріліп, жер-жаһанда басқа тауарлар бағасының шарықтауына ықпал етті.

Жаңа санкциялар бағаларға қатысты белгісіздік туындатып отыр. Өйткені 27 ел кіретін Еуропа одағы бір сәтте өзіне қажетті дизельдің 10 пайызын қамтамасыз еткен Ресей отынынан бас тартып, осынау ресурсты енді АҚШ, Таяу Шығыс және Үндістаннан тасымалдайын деп отыр. Бұл дегеніміз – танкерлерді қажет ететін ұзақ жол. Ал, Ресей порттары салыстырмалы түрде әлдеқайда жақын.

Желтоқсанда ресейлік мұнай баррелінің нарқын 60 доллардан көтермеу туралы эмбарго күшіне енді. Дизельдік отынға қарсы санкция да дәл солай жұмыс істеуі керек.

"Біз бағаға шектеу қойғаннан кейін, Ресей отынының құнын түсіріп, Путиннің соғысқа қажетті ақшасын азайтып, батыс елдері мен дамушы экономикаларды бағаның шарықтау зардабынан қорғай аламыз", - дейді Вашингтонда орналасқан Уилсон орталығының жаһандық мәселелер жөніндегі ғылыми қызметкері Томас О'Доннелл АР агенттігіне берген сұхбатында.

Дизельдік отын бағасының шектелуі РФ-ға бірден зиян тигізбейді. Өйткені бұл шектеу Ресейдің қазіргі бағасымен шамалас. Ал, таяу болашақта Мәскеудің басты проблемасы, баға шегінен жалтару емес, жаңа тұтынушы табу болмақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді