Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда патрульдік полицейлердің жылдам әрекеті сәбиді құтқарып қалды

Қарағандыда патрульдік полицейлердің жылдам әрекеті сәбиді құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі батыл әрекеті үш жасар сәбидің өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының алғысқа толы жазбасы кеңінен таралып жатыр. Оқиға кезінде алты қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен үш жасар балаға көмекке алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция қызметкерлері Ілияс Атбеков пен Магомед Якубов жеткен. Сол сәтте әрбір секунд қымбат еді. Тәртіп сақшылары жағдайды дереу бағамдап, зардап шеккен сәбиді абайлап қызметтік көлікке орналастырған. 

Арнайы дабыл шамдарын қосып, баланы ауруханаға шұғыл жеткізген полицейлердің жедел әрекетінің арқасында дәрігерлер дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетіп, сәбидің өмірін аман алып қалды. Оқиға куәгерлері мен ата-анасы қатты абыржып қалғандықтан, полицейлердің есімдерін сұрап үлгермеген. Ал кішкентай науқасты дәрігерлерге тапсырғаннан кейін полиция экипажы қайтадан патрульдік қызметіне кіріскен. Кейін тәртіп сақшыларын тұрғындар полиция көлігінің борт нөмірін есте сақтап қалған қырағы көршілердің көмегімен тапқан.

— Үйіміздің барлық тұрғындарының атынан оларға шексіз алғысымызды білдіреміз. Осындай жанашыр әрі батыл азаматтардың бар екеніне ризамыз, — деп жазды қала тұрғындары. 

Полиция ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Әсіресе жаз мезгілінде терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатып, жиһаздарды терезе маңына қоймау қажет. Баланың қауіпсіздігі — әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды