Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтау портында түбін тереңдету жұмысы қарқын алады

Ақтау портында түбін тереңдету жұмысы қарқын алады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде вице-министр Жәнібек Тайжановтың төрағалығымен Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңеске «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ мердігер ұйым — «China Harbour Engineering Company Ltd» компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жобаны іске асырудың өзекті мәселелері мен дайындық жұмыстарының барысы қаралды. Мердігер ұйымның мәліметінше, қазіргі уақытта арнайы техникаларды жұмылдыру және топырақ үйінділері карталары бойынша құрылыс алаңын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Кеңес қорытындысы бойынша түбін тереңдету жұмыстарын жеделдетуді және жобаны уақытылы іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жобаны жүзеге асыру Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін арттыруға және Қазақстанның теңіз логистикасының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді