Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ЕАЭО-ның ортақ аграрлық нарығын цифрлық жаңғырту мәселелері талқыланды

Астанада ЕАЭО-ның ортақ аграрлық нарығын цифрлық жаңғырту мәселелері талқыланды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) төрағалығы аясында Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр. Оған мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және ЕАЭО елдерінің сарапшылар қауымдастығы қатысуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин «ЕАЭО-ның ортақ аграрлық нарығын цифрлық жаңғырту: қадағалаудан сауда құралдарына дейін» атты панельдік сессияда сөз сөйлеп, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, ұлттық ақпараттық жүйелерді дамыту және ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Соңғы жылдары салада ауыл шаруашылығын басқару мен мемлекеттік қолдаудың негізгі үдерістерін электронды форматқа көшіруге мүмкіндік берген бірқатар маңызды цифрлық шешімдер енгізілді», — деді Таласбек Қанафин.

Өз баяндамасында мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үрдісін толықтай цифрлық форматқа көшірген Мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесіне ерекше назар аударылды. Жүйенің мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарымен біріктірілуі деректерді автоматты түрде тексеруге мүмкіндік беріп, субсидияларды бөлудің ашықтығы мен нақтылығын арттыруға, сондай-ақ негізсіз төлемдер тәуекелін азайтуға жағдай жасайды.

2026 жылы аталған жүйеде пайдаланушыларға консультациялық қолдау көрсету үшін жасанды интеллект құралдары белсенді түрде енгізілуде. Бұл аграршылардың өтініштерін жедел талдап, нақты жауаптар беруге және мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басым бағыттарының бірі — мал шаруашылығын цифрландыру. Бұрын мал есебі негізінен қағаз жүзінде жүргізілетін, бұл деректердің нақтылығын төмендетіп, эпизоотиялық жағдайға қосымша қауіп тудыратын. Қазір жануарларды тіркеуден бастап профилактикалық шараларды есепке алу, оларды тасымалдау, карантинге қою және есептен шығару кезеңдеріне дейінгі барлық қадағалау кезеңі электронды форматқа көшірілді.

Сондай-ақ ветеринариялық мамандарға арналған жасанды интеллект көмекшісі енгізілген ISZH Mobile мобильді қосымшасы дамытылуда. Жаңа шешім шаруашылықтарға бару кезінде жануарлардың белгілерін жедел талдауға, ауру қаупін анықтауға және әрі қарайғы ветеринариялық тексеруге арналған ұсынымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сессия барысында сондай-ақ министрлікте былтыр басталған маңызды жобалардың бірі — өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуге баса назар аударылды. Бұл жүйе тұқым, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдаланудан бастап дайын өнімді өңдеу және өткізуге дейінгі толық өндірістік кезеңді қамтиды. Жоба Қазақстанның бір өңірінде сынақтан өткізілді.

Жүйені толық іске қосу ЕАЭО елдеріндегі өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттырып, Одақ мемлекеттері арасындағы сауданы жеңілдетеді деп күтілуде.

Таласбек Қанафин заманауи цифрлық инфрақұрылым басқа мемлекеттердің ақпараттық жүйелерімен өзара тиімді іс-қимылды дамыта отырып, халықаралық стандарттарға сәйкестікті нығайтанын атап өтті.

Осыған байланысты министрлік ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстарын белсенді түрде дамытуда. Оның ішінде электронды ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттармен алмасу мәселелері де бар. Осының барлығы жүктердің шекарадан өтуін жылдамдатуға, сауда ашықтығын арттыруға және Одақ аясында бірыңғай қадағалау жүйесін қалыптастыруға жол ашады.

Панельдік сессияға қатысушылар ЕАЭО мемлекеттері арасында электронды ветеринариялық және фитосанитариялық ілеспе құжаттармен өзара алмасу және оларды интеграциялау тақырыптарын, сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мен өзара сауданы дамытудағы маңыздылығын талқылады.

Сөз соңында вице-министр ЕАЭО-ның ортақ аграрлық нарығын цифрлық жаңғырту агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттырып, өнімнің қадағалануын қамтамасыз етумен қатар, Одақ елдері арасындағы сауда үдерістерін жеңілдететінін атап өтті.

«Министрлік агросекторды цифрландыруды дамытуға бағытталған шешімдерге ерекше жауапкершілікпен қарайды және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуды жалғастырады», — деді Таласбек Қанафин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды