Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Сіз жеңімпаз атандыңыз": Астанада алаяқтар тұрғынды алдап кете жаздады

Фото: polisia.kz

Елордада полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Анықталғандай, екі апта бойы әйелге мессенджер арқылы өздерін ұтыс ойынын ұйымдастырушылар ретінде таныстырған белгісіз адамдар хабарлама жазған. Қаскөйлер оны жеңімпаз атанғанына сендіріп, Tesla автокөлігін ұтып алғанын айтқан. "Жүлдені алу үшін" алаяқтар халықаралық аударым арқылы 700 мың теңгеден астам ақша жіберуді талап еткен. Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел қаладағы банктердің бірінің бөлімшесіне барып, ақшаны аудармақ болған.

Клиенттің күмәнді әрекеті банк қызметкерінің назарын аударып, ол көмек ұсынған. Соған қарамастан, әйел ұзақ уақыт бойы алаяқтардың сөзіне сеніп келген. Тек ұзақ профилактикалық әңгіме мен интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіруден кейін ғана оны ақша аударудан бас тартуға көндіру мүмкін болды. Полиция азаматтарды алаяқтықтан сақ болуға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді