Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

 Қазақстанда жыл сайын 120 мыңға жуық адам зейнетке шығатыны анықталды

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Еңбек министрі 2028 жылдан бастап Қазақстанда қанша зейнеткер болады деген сұраққа жауап берді.

«Жыл сайын бізде 120 мыңға жуық адам зейнетке шығады, олардың шамамен 50%-ы әйелдер. Енді бізде шамамен 150-160 мың адам зейнетке шығады. Қазіргі уақытта 2,2 миллион зейнеткер бар, ал 2028 жылдан бастап 2,5-2,6 миллион адам болады. Жалпы зейнеткерлік жасқа жеткендер есебінен және 61 жасқа дейінгі зейнеткерлік жасын тоқтатқан адамдар есебінен 400 мың адамға көбейетін болады», - деді Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды 61 жас деңгейінде уақытша тоқтатылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді