Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте бассейнге батып кеткен бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнге батып кеткен 4 жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы  Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz хабарлайды.

"Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша ("Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердiң қауiпсiздiк талаптарына сай келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз беру немесе пайдалану, бұл іс-әрекеттердің абайсызда адам өлiмiне әкеп соғуы") қылмыстық істі тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деп хабардар етті құзырлы органның баспасөз қызметі. 
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршін аса ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, стационарда көз жұмған. "103 қызметіне қаладағы фитнес орталықтарының бірінен шақырту түскен. Шақыртуда 4 жасар баланың ес-түссіз халде екені, бассейнге тұншыққаны айтылған. Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері баланы аса ауыр халде қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Шұғыл түрде көрсетілген реанимациялық көмекке қарамастан, ол стационарда көз жұмған",- дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнде 2018 жылы туған баланың суға батып кеткенін хабарлаған едік. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты