Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде су тарифі қымбаттауы мүмкін

Елімізде суға қатысты тариф өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі cу ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда аталған мәселе бойынша экология министрлігі құзырлы органдарға ұсыныс әзірлеп жатқан көрінеді.
"Бүгінде республикаға қарасты 3440 су каналы жүйелері бар. Шаруаларға су сол жүйелер арқылы жеткізіледі. Су каналы жүйелері кезінде коммуналдық меншікте болып, көбі қазіргі су тарифіне кірмеген. Яғни қазіргі тариф бойынша оларды күтіп ұстауға қаржы қарастырылмаған. Осы орайда биыл біз мемлекеттік құзырлы органдарға өз ұсынысымызды жолдаймыз. Келесі жылы әділетті су тарифі бекітіледі деп ойлаймыз", - деді Досбол Бекмағамбетов баспасөз мәслихатында. 
Ведомство өкілінің айтуынша, су қоймаларын күтіп ұстау бүгінгі таңда елімізде үлкен мәселе болып тұр. Сондай-ақ спикер су саласы мамандарының жалақысы мәселесін де көтерді. "Су саласы қызметкерлері - еліміздегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан да проблеманы тариф арқылы шешпесек, басқа жолы жоқ. Мемлекеттен қаржы алмаймыз, қанша көлемде су жеткіземіз, соны ақысын шаруалардан жинап аламыз",- дейді ол. Досбол Бекмағамбетовтің сөзінше, бүгінде Қазақстандағы су саласы мамандарының орташа жалақысы 90 мың теңгеден аспайды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады