Бс, 01 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада арнайы ХҚКО басшысы мен тағы бірнеше адам ұсталды

Елордада заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген көліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды ANTIKOR News Telegram-арнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу жұмыстары Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген. Агенттік мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топ осы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсына отырып, олардың ақшалай қаражатын жымқырып, 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталған. Әрбір автокөлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған.

"Қажетті ақшаны алғаннан кейін күдіктілер автокөліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған. ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының "Web-модуль" сервистік орталығы" ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған көліктер туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген автомобильдердің мәліметтерін енгізу салдарынан жүзеге асқан", - дейді Антикор өкілдері. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, күдіктілердің азаматтардың баждар мен төлемдерді төлеуге арналған ақшалай қаражатын жымқырып, жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталған. Осылайша, азаматтар мен мемлекетке келтірілген залал сомасы 1 млрд теңгені құраған. Аталған іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 Арнайы ХҚКО басшысы ұсталған. Тергеу жалғасуда. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті