Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның солтүстігінде 40 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті 9 қаңтардан бастап өңірде күн күрт суытуы ықтимал екенін хабарлады, деп жазады Петропавловск.news.
Өңірлік ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, келесі дүйсенбіден бастап, Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде 40 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Осыған орай, ведомство өкілдері тұрғындарды қатты отынмен жанатын пештерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр. "Қатты аязда тұрғындар үйді жылыту үшін, үздіксіз пеш жағады. Салдарынан пеш қатты қызып, үйде өрт болуы мүмкін. Жеке секторда тұратын тұрғындардан үлкен өтініш, пешке абай болсаңыздар.
Пешті қараусыз қалдырмаңыздар. Сондай-ақ кәмелет жасына толмаған балаларға пеш жағуды тапсырмаңыздар. Ақауы бар пеште от жақпаңыз. Пештегі азғантай ғана жырақтың өзі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін", - дейді Дмитрий Растихин. Басылымның жазуынша, 2022-2023 жылдардығы жылыту маусымы басталғалы бері, өңірдің ТЖД қызметкерлері 38 мыңнан астам тұрғын үйді аралап шыққан. Әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйіне түтін мен улы газ тараса дабыл қағатын 1,2 мыңнан астам датчик қойылған. Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жариялағанын хабарлаған едік.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді