Синоптиктер 29 желтоқсанда Қазақстанны ірі үш қаласында ауа райы қандай болатынын болжады. Сондай-ақ метеорологтар бүгін бірқатар облыста дауылдық ескерту жариялап отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Мамандардың мәліметінше, бейсенбіде Астанада қар жаууы ықтимал, дегенмен күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы -8…-10 градус аралығында болса, түнге қарай -9…-11 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Алматыда да бүгін күн ашық болады, алайда кей уақытта ала бұлтты болуы мүмкін. Күндіз +1…+3 градус жылы болса, түнде ауа температурасы -3…-5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Шымкентте де бейсенбіде күн жылы болады, бірақ кей уақытта жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз термометр көрсеткіштері +6…+8 градусты, түнде 0…+2 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Сонымен қатар синоптиктер 29 желтоқсанда бірқатар облыста дауылдық ескерту жариялады. Бүгін Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда да тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Сол сияқты өңірде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғып, желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысында 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ақтауда да 29 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Бұдан бөлек қалада солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ өңірде оңтүстік-шығыстан жел соғып, тау асуларында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шымкент пен Түркістанда түнде тұман күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында бұрқасын, оңтүстігінде тұман болады деген болжам бар. Сонымен қатар 28 желтоқсан сағат 21.00-ден 29 желтоқсан сағат 21.00-ге дейін Семей, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Дәл осындай ескерту 28 желтоқсан сағат 21.00-ден 29 желтоқсан сағат 21.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша да жарияланып отыр.
29-12-2022, 09:18
Еліміздің бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз