Көкшетауда кәмелетке толмаған 3 бала моншада уланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
23 қазан сағат 20:20-да Көкшетау қаласының тұрғынынан қаладағы монша кешендерінің бірінде кәмелетке толмаған балалардың уланғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Көпсалалы облыстық ауруханаға “Химиялық затпен улану” диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 306-бабының 2-бөлігі (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау, не қызметтерді көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.