Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде бірінші орыннан түсіп қалды

Forbes және Bloomberg-тің есептеуінше, енді әлемнің ең бай адамы титулы LVMH люкс сапасындағы тауарларды шығаратын компания иесі Бернар Арноға тиесілі. Былтыр Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастаған еді, деп хабарлайды BBC. 

Forbes-тың хабаралуынша Масктың бүгінгі дәулеті 178 млрд АҚШ доллары көлемінде бағаланып отыр. БАҚ ұсынған мәліметтерге сәйкес, оған Tesla электромобильдерін өндірушілердің шамамен 14 пайызы тиесілі, сондай-ақ ол биылғы жылдың қазан айында 44 млрд АҚШ долларына "Твиттер" әлеуметтік желісін сатып алған. Ал LVMH люкс сапасындағы тауарларды шығаратын компания иесі Бернар Арноның байлығы 188 млрд АҚШ доллары деп бағаланып отыр. Айта кетейік, Илон Маск Forbes әлем миллиардерлері тізімінде 2021 жылдың көктемінен бастап көш бастаған.
Ол кезде оның байлығы 219 млрд АҚШ доллары көлемінде бағаланды. Сол жылы ол тізімде дәулеті 171 млрд АҚШ доллары деп бағаланған, Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безосты басып озған болатын. 2021 жылы бұл тізімде француздық бизнесмен Бернар Арно үшінші орында тұрған еді. Миллиардер аталған тізімге 2020 жылы енген. Сол жылы оның байлығы 76 млрд АҚШ долларынан бірден 158 млрд АҚШ доллларына көтерілген еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады