Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Зорладың” деп айып тағамын: атыраулық қыз 18 жастағы жігіттен 2 млн теңге бопсалаған

Атырауда 21 жастағы қыз “зорладың” деп айып тағамын деп шымкенттік жігіттен екі миллион теңге ақша бопсалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға бірнеше рет қайталанған. Алғашында оның екі миллион теңгесін алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен.

18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған. Айтуынша, қыз оны “Зорлау” фактісі бойынша үстіңнен іс қозғатамын деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталған. Екеуі тіпті бір қызметте әріптес болған. Ол қыз жақсы танысым, тіпті тұрғылықты мекені Шымкент қаласына алып барып, ата-анаммен таныстырдым дейді.

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ақша бопсалаған қыздың бопсалау қылмысы бойынша басқа да фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті