Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада заңсыз митингіні ұйымдастырушы 15 тәулікке қамалды

26 қараша күні елордада заңсыз митинг өтті. Ұйымдастырушыға митингті рұқсатсыз өткізді және полицияның талаптарына бағынбады деген айып тағылды. Соттың санкциясымен ол 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қаласы сотының ресми сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Елорданың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М.Әбиевке қатысты екі істі қарады. Бірінші іс бойынша бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұза отырып, рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырып, өткізсе (7-бөлім) ӘҚБтК-нің 488-бабы), екінші іс бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған (ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі). Іс материалдарынан белгілі болғандай, Әбиев 26 қараша күні Астана қаласының жергілікті атқарушы органынан рұқсат алмай, Қорғалжын тас жолының бойында митинг ұйымдастырып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Оның айтуынша, ол ел басшылығының назарын ауыл шаруашылығын дамыту жобасын ертерек қарауға аудару мақсатында бейбіт митинг ұйымдастыруды жөн көрген.

"Ол заңға қайшы әрекет жасамағанын айтып, бейбіт жиын өтетіннен бір күн бұрын қала әкімін алдағы іс-шара туралы хабардар еткенін айтты. Ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындамады", – делінген сот хабарламасында.

Қазақстан заңнамасының нормаларына сәйкес пикеттер, жиналыстар, митингілер нысанындағы бейбіт жиналыстарды өткізу туралы хабарламаны ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға белгіленген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

"Бірінші факті бойынша сотта Әбиевтің жергілікті атқарушы органға хабарлама бермегені анықталды. Осылайша Әбиевтің бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды. Екінші факті бойынша видеодан көрініп тұрғандай, Әбиев полицейлердің тәртіпті сақтау туралы бірнеше рет қойған талабына жауап бермей, рұқсат етілмеген шеруге қатысуды тоқтатудан бас тартты", – деп түсіндірді сот өкілдері. 

Сонымен бірге Әбиевтің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамадағы нақты мәліметтермен, бейне жазба және істің басқа да материалдарымен анықталды. Осылайша, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әбиевті жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, екі құқық бұзушылық бойынша да 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты