Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркияда жер сілкініп, 22 адам зардап шекті

Сәрсенбі, 23 қараша күні Түркияда 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Стамбұл қаласы мен оның айналасындағы бірнеше ауданда да сезілген, деп хабарлайды kazlenta.kz

Life.ru сайтының Түркияның шұғыл қызметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:08 шамасында (Астана уақыты бойынша 07:08-де ) тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы Дюздже қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 шақырым жерде, алты шақырым тереңдікте орналасқан. Дюздже қаласынан халқынан бөлек, жер сілкінісін Стамбұл, Текирдаг, Эскишехир және бірнеше елдімекен тұрғындары сезген. Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Twitter-дегі парақшасында әзірге төтенше жағдайдан қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екенін атап өтті. "Бізге Төтенше жағдай министрлігінен және жергілікті тұрғындардан келіп түскен алдын ала ақпараттарға сүйенсек, жер сілкінісінен қаза тапқандар жоқ", - дейді ол. РИА Новости-дің жазуынша, Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі жер сілкінісінен 22 адамның зардап шеккенін мәлім еткен. Олардың біреуінің жағдайы ауыр.

"Дюзджедегі қазіргі ахуалды айтар болсақ, 5,9 балдық жер сілкінісінен 22 адам зардап шеккен. Оның біреуі биіктен секіргендіктен, жағдайы ауыр. Қалаға жедел жәрдем көлігінің бригадасы жіберілді", - дейді Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа. 

Басылымның жазуынша, жағдайы ауыр ер адамның жер сілкінісі кезінде қорыққаннан балконнан секіргені анықталған. Сонымен қатар басылым өңірдегі оқу мекемелерінде сабақ бір күнге тоқтатылғанын хабарлады. Сол арада әлеуметтік желі қолданушылары төтенше жағдайдан кейін түсірілген суреттер мен видеоларды бөлісуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады