Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ТЖД алматылықтарға таяу күндері тауға шықпауға кеңес берді

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына 20-21 қараша аралығында тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылдық ескертуін есепке ала отырып, 20-21 қараша аралығында жауын-шашынның түсуі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлайды", – делінген ТЖД хабарламасында. 

Осы орайда ТЖД жеке қауіпсіздікті ойлап, бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтарын тауға шығудан бас тартуға шақырып отыр. Сонымен қатар ТЖД: Егер сіз қазір тауда болсаңыз, абай болып, ауа райының өзгеруін бақылау қажет екенін; Егер тау беткейлерінде қардың жылжуын, қар түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн екенін – бұл көшкін жүруі мүмкін екенін білдіретінін; Үйге қайтуды кешке қалдырмауды, қайтар жолды таппай қалуыңыз мүмкін екенін; Рюкзакта: жылы киімдер, күтпеген жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қобдиша болуы қажет екенін еске салды. Сондай-ақ ТЖД рюкзакта GPS навигаторларының болуы да артықтық етпейтінін, тауға ешқашан жалғыз баруға болмайтынын атап өтті.

"Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды", - деп қосты ТЖД өкілдері. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті