Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ТЖД ауа райының нашарлауына байланысты алматылықтарға үндеу жариялады

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мегаполисте жарияланған дауылдық ескертуге байланысты оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады. Бұл туралы kazlenta.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сейсенбі, 15 қарашада Алматы тауларында дауылдық ескерту жарияланды, яғни екпіні секундына 15-20 метр, 23-28 м/с болатын қатты жел күтілуде. Осыған байланысты құтқарушылар алматылықтар мен қала қонақтарына автокөліктерді ағаш, электр желілері және қатты бекітілмеген құрылыс нысандарының астында қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар ТЖД екпінді жел кезінде қала тұрғындары ұстануы тиіс кеңестерді жариялады. Құтқарушылар алматылықтарға: ғимараттан көп шықпауға, мүмкіндігінше іште қалуға; терезелер мен есіктерді мықтап жабуға, ауладан, балкондар мен лоджиялардан адамдарды зақымдауы мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастауға; көшеде болса, ең жақын кіреберіске немесе дүкенге тығылуға тырысуға; билбордтардың, ағаштардың астына, құрылысы аяқталмаған ғимараттарға, үйлердің қабырғаларына тығылмауға кеңес береді. Өйткені төбеден шифер немесе басқа материалдар құлап кетуі мүмкін.

"Қатты жел кезінде электр сымдарының астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өлімге әкеп соқтыруы мүмкін", - деп атап өтті ТЖД қызметкерлері. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды