Сәрсенбі, 16 қарашада Қазақстанның ірі қалалары – Алматы, Астана және Шымкентте күн жауын-шашынды, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет РМК ресми сайтында.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда қар аралас жаңбыр жауады, ал ауа температурасы нөлден жоғары болады, термометр бағанасы +1...+3 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Метеорологтардың болжамына сәйкес, Астанада қар жауып, жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін күшейетін жел тұрады.
Ауа температурасы -4...-6 градус болады. Ал Шымкентте синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Мегаполисте ауа температурасы +1...+3 градусқа дейін көтеріледі. Еске сала кетейік, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланған болатын.
16-11-2022, 09:16
Қатты жел мен қар аралас жаңбыр: Синоптиктер бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын айтты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз