Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысып қалды

Кеше Техас штатының Даллас қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстағы ұшақтар қатысқан авиашоу өтті. Іс-шараға қатысқан екі әскери ұшақ кездейсоқ аспанда соқтығысып қалды. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Басылымның АҚШ федералдық авиация басқармасының мәліметіне сүйеніп хабарлауынша, сенбі, 12 қарашада, сағат 13:20 шамасында (Астана уақытымен 13 қараша 01:20) Wings Over Dallas әуе шоуында Boeing B-17 Flying Fortress және Bell P-63 Kingcobra соқтығысқан. Даллас мэрі Эрик Джонсонның айтуынша, апаттан зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Ал American Airlines ұшқыштары кәсіподағы екі отставкадағы ұшқыш пен бұрынғы кәсіподақ мүшелері қаза тапты деп мәлімдеген.

Олардың B-17 Flying Fortress экипажы мүшелерінің арасында болғаны атап өтілген. Телеарнаның хабарлауынша, соқтығысқаннан кейін оқиға орнында 40-тан астам өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері жұмыс істеген. Бұл ретте АҚШ Әскери-әуе күштері өкілі журналистерге B-17 ұшағында әдетте төрт-бес адамнан тұратын экипаж болатынын, ал R-63 бір ұшқышты жойғыш екенін жеткізген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады