Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Борышкерлер, алимент төлеушілер және соттан жасырынып жүргендер: Қазақстанда адамды қалай іздейді?

Қазақстанда адам көптеген себептермен іздеуде болуы мүмкін. Олардың қатарында заң талаптарын орындаудан жалтару, алимент төлемеу, хабар-ошарсыз кеткендер және т. б. Осы санаттардың әрқайсысы бойынша құқық қорғау органдары жыл сайын егжей-тегжейлі статистикалық мәліметтерді ұсынады. 2021 жылы барлығы 21 мыңнан астам адам іздеуде болды, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Іздеудегі адамдардың ең көп тараған үш санаты — соттан, тергеуші мен прокурордан жасырынғандар, қарыздарын төлемейтіндер және алимент төлемейтіндер. Бірінші санатқа келетін болсақ, 2017 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанда жыл сайын 7,1 мыңға жуық адам іздеуде болған. Олардың ұсталу ықтималдығы 54,7%-ды құрайды. Анықтаудан, тергеуден, соттан және жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жасырынып тиісті органдар тарапынан іздеуде жүргендер арасында табылғандар үлесі аталған кезеңде жыл сайын орташа есеппен осыншалықты болды. Айта кетейік: осы іздеуде жүргендердің 44,8%-ы ауыр және аса ауыр қылмыс жасады.


Сонымен бірге, құқық қорғау органдары өз жұмысын нашар атқарып жатқандай әсер қалдырады: 2017 жылдан бері осы санаттағы іздеуде жүргендер санының азайғанына қарамастан, олардың арасынан табылғандардың үлесі жыл санап азайып келеді. Мысалы, 2017 жылы табылған адамдардың 65,4%, 2021 жылы — небәрі 51,2%, ал 2022 жылдың тоғыз айында небәрі 41,9%-ды құрады. Іздеудегі адамдардың екінші жалпы санаты — атқарушылық іс жүргізудегі борышкерлер.


Соның негізінде 2018 жылдан бастап Ішкі істер министрлігі жыл сайын 4,9 мыңға жуық адамды іздеуге жариялайды. Атап айтқанда, ҚР БП ҚСжАЕК мәліметі бойынша 2021 жылы іздеуде жүрген борышкерлер саны 5,2 мың адамды, ал биылғы қаңтар–қыркүйек айларында 4,3 мың адамды құрады.


Сондай-ақ, алимент төлеуден жалтару фактісі бойынша жыл сайын орта есеппен 3,5 мың адам іздестірілуде. Атап айтқанда, ҚР БП ҚСжАЕК мәліметтері бойынша 2021 жылы олардың саны 4,5 мың адамды, ал биылғы қаңтар–қыркүйек айларында 3,3 мың адамды құрады.

Бір қызығы, ҚР ІІМ статистикасы Бас прокуратураның алимент бойынша да, борышкерлер бойынша да деректерінен өзгеше. Мәселен, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев: «Статистиканы алсақ, 2021 жылы 4103 алименттің 90%-дан астамы — 3290-ы табылды. 3934 борышкердің 3669-ы табылды», деп хабарлады Zakon.kz. Байқағандарыңыздай, ҚР БП ҚСжАЕК ІІМ жариялаған саннан көп борышкерге, ал алимент төлеу бойынша аз іздеу жариялаған.


Табылғандардың 90%-ы дегенге келсек, бұл көрсеткіш те күмән тудырады. Түсіндірейік: ҚР БП ҚСжАЕК мәліметтері бойынша 2018 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезеңде алимент өндіру бойынша іздестіру істерінің жылына орта есеппен 59%-ы жабылған. 2021 жылы жабылған істің көрсеткіші 62,3%, биылғы үш тоқсанда 45,4% құрады. Төлемегендердің ұсталуына байланысты қанша істің тоқтатылғанын білу мүмкін емес, өйткені департамент тоқтатылған істердің жалпы санын хабарлайды. Олар әртүрлі себептермен, соның ішінде ескіру мерзімінің өтуімен тоқтатылуы мүмкін. Бірақ 90% көрсеткіш жабылған іздеу істері мәліметтерінен өте алшақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді