Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

COVID-19 салдарынан Қытайда әлемдегі ең ірі iPhone зауыты оқшауланды

Қытай билігі Чжэнчжоу қаласындағы Foxconn Technology Group зауытын бір аптаға оқшаулауға бұйрық берді. Шектеуге коронавирус инфекциясының өршуі негіз болып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz Bloomberg басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, Қытай билігі Apple компаниясының өнімдерін өндіретін Чжэнчжоудағы Foxconn зауытының территориясын жеті күнге жабуға бұйрық берген. Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына Чжэнчжоуда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының 1 қарашада бірден 359-ға дейін өсуі себеп болған. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен үш есеге көп. Локдаун 9 қарашаға дейін жалғасады. Басылымның хабарлауынша, шектеу iPhone өндіретін әлемдегі ең ірі зауыттың жұмысына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Foxconn мәлімдемесінде зауыт жұмысын жалғастыратынын, бірақ сыртқы әлеммен байланысын шектейтіні айтылған. Дегенмен компания карантин кезінде тауарларды зауыт аумағына және кері қалай жеткізетіні туралы сұраққа жауап бермеген. Айта кетейік, Foxconn – әлемдегі ең ірі электроника өндірушілердің бірі болып табылатын Hon Hai Technology Group сауда белгісі. Компания 1974 жылы Тайваньда құрылған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді