Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде шекарашылар археологиялық құнды жәдігерді тасымалдаған адамды ұстады

Ақтөбедегі Әлімбет шекара бекетінде құнды жәдігерді алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды. Барлығы 26 дана жәдігерді археологтар қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ақтөбе облысы аумағындағы Әлімбет шекара бекетінің шекарашылары көлік ішін қару кезінде күдікке іліккен затты тапты. Ашып қараған кезде онда бір уыс жебенің ұшы табылды. "Ресей азаматынан 26 дана археологиялық құнды жәдігер табылды. Оның сөзінше Әйтеке би ауданына балық аулауға келгенде, тауып алған. Бірақ қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Біз бар тапқан құнды дүниені музейге тапсырдық", - деді ҰКК Шекара қызметі АОД әскери қызметшісі Ринат Магрупбеков. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали табылған жәдігердің құнды екенін айтты.

"Музейдің археолог мамандары бұл дүниелерді тарихи-мәдени құнды жәдігер деп отыр. Темір дәуіріне жататын үш қырлы қола жебе, қола дәуіріне жататын жебенің ұшы, орта ғасырларға жататын темірден жасалған жебе ұштары бар. Күмістен жасалған әшекей мен ат әбзелі, яғни, жүгенінің доғасы анықталып отыр. Үш кезеңнің дүниесі қолымызда тұр. Бізге түскен мәлімет бойынша оларда металл іздейтін құрыл болған. Демек әдейі дайындалып келген", - деді Мейрам Дүйсенғали. Оның айтуынша, жәдігерді тереңнен қазып алмағанға ұқсайды. Тергеу біткен соң жәдігер музей қорына беріледі. Айта кетейік, облыстық музейде 120 мыңға жуық жәдігер бар. Оның 20 мыңға жуығы археологиялық жәдігер. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді